Жаңалықтар

2020 жыл джиу-ждитсу спортшылары үшін тарихи маңызы зор жағымды жаңалықпен бастау алды.

2020 жыл джиу-ждитсу спортшылары үшін тарихи маңызы зор жағымды жаңалықпен бастау алды. Нақтырақ айтсақ, қаңтар айының 12 жұлдызы елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында есімі джиу-джитсумен қатар аталатын мектебіміздің жаттықтырушысы Рузахунов Арманжан басшылығымен «ARM JJ ACADEMY» атты заманауи жаңа дайындық залы пайдалануға берілді.
Осы орайда, елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс» сөздері спорт саласында тер төгіп жүрген еліміздің бірегей де бетке ұстар азаматтарының еңбектері ауыз толтырып айтарлықтай өркендеуде.
Осы орайда, аталмыш залдың салтанатты ашылуында қонақ болған ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бастығы, спорт жанашыры Болат Бауыржанұлы Мажағұлов бірінші болып әлеуметтік желісінде құттықтау лебізін білдірді. «Арман Рузахунов бастаған  «ARM JJ» және «Альянс» командаларын ерекше құттықтап, еліміздегі Джиу-джитсу спорты алдағы уақытта одан әрі дамып, спортшыларымыз биік шыңдарды бағындырып жеңістің тұғырынан көріне берулерін тілеймін»!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button