Дирекция туралы

Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясы былтыр құрылды. Нақтырақ айтқанда, 2020 жылы 20 қазан күні ресми тіркелді. Бірақ, бұл оның тарихы осы күннен басталады дегенді білдірмейді. Мекеме бұған дейін де болған. Бірақ, спорт мектебі ретінде қызмет етті. Енді дирекция. Атымен қатар, заты да басқаша форматқа,  яғни, сәл жетілдірілген үлгіге ауыстырылды. Бастаманың басы-қасында жүрген Самат Ерғалиев, бұның барлығы салаға тың серпін әкелу үшін және спорттағы жетістіктерді еселеу үшін қолға алынғанын алға тартады.

«Мақсатымыз – жаттықтырушыларға және спортшыларға барынша қолдау жасау. Ең алдымен соларға қолайлы болу керек. Мысалы, «Толағай» спорт мектебінің қызмет аясы бұрын шектеулі еді. Енді  Спортты олимпиадалық түрлері бойынша дамыту дирекциясына айналды. Сәйкесінше, жасөспірілмдерден ересектерге дейінгі қаладағы барлық спортшыларға жауапты. Жарыс болсын, жаттығу жиыны болсын, өз тараптарынан жібере береді және туындаған мәселелерге қатысты да өздері шешім қабылайды»  – деді, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Самат Ерғалиев.

Жаңадан құрылған дирекциялардың жұмыс ауқымы мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Мәселен, олимпидалық спортқа жауапты мекемеге 60-қа жуық спорт түрі мен 2 мыңнан аса спортшы берілді. Оның ішінде жазғы және қысқы олимпиадалық, паралимпиадалық, судрлимпиадалық бағыттары бар. Жалақы алатын спортшылар саны да еселеп артты. Бұның барлығы саладағы тыныс-тіршілікті жандандырып, жергілікті қыз-жігіттерге жағдай жасауға негізделген. Өйткені, оның артында қаланың, қала берді, елдің иммиджі бар. Түпкі мақсат  –  аты айтып тұрғандай дәл осы спортшылардан әлем және олимпиада чемпиондарын шығару. Соған мұрындық болу.

«Біз спортшылардан жоғары жетістіктер күтеміз. Ол үшін соған лайықты жағдай жасаумыз керек. Спортшылар да, бапкерлер де артында мықты қолдау барын сезінсе дейміз. Ештеңеге алаңдамай, дайындыққа ғана ден қойса деген мақсат. Мәселен,  қараша айынан бастап (2019жылдың) спортшылар жоғыры жалақы алып жүр. Бұл – үлкен мотивация. Бұған қоса, тұрақты айлық алатын спортшыларымыз бұрын 86 еді, қазір – 176. Яғни, көрсеткіш шамамен 2 есе өсті» – дейді, дирекция басшысы Бағдат Данияров.

Айта кету керек, елордадағы басқарма бұндай жаңашылдықты алғаш болып қолға алды. Өңірлер арасында да алғашқы. Егер жарқын болашақта өз нәтижесін беріп жатса, әрине, басқа аймақтарға да үлгі болары анық. Айналып келгенде, бұл елдегі кәсіпқой, әуесқой және бұқаралық спортты дамытып, ұлт саулығын қалыптастыруға әсер етеді. Әсіресе, соңғысы қазір маңыздылығы жағынан бәрінен жоғары.  

Cпорт түрлері

Back to top button