Жаңалықтар

Ел үздіктері анықталды

Ұзақ үзілістен кейін қазақ күресінің жарыстары жанданды. Елордада 14-15 жастағы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Оған барлық аймақтан 200-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұл жолғы байрақты бәсеке тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды және 3 күнге созылды. Нәтижесінде, Қостанай облысының палуандары жалпы есепте көш бастады. Олардың еншісінде 2 алтын мен 1 қола жүлде бар. Ал, Атырау облысы  (2алтын, 1 қола)  мен Нұр-Сұлтан қаласының (2 алтын) спортшылары үздік үштікті түйіндеді. «Республикалық жарыста жас палуандарымыздың бабын байқап, оларға қосымша мотивация бердік» – дейді ұйымдастырушылар. Енді дәл осындай үлгіде, яғни, санитарлық талапты қатаң сақтай отырып, басқа спорт жарыстарын да өткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button